Тасқынның алдын-алуға атсалысқандар марапатталды

Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова төтенше жағдай кезінде жаға бекіту, бөгет соғу, гуманитарлық көмектерді сұрыптау және бөгет басындағыларды тамақпен қамтып, түрлі техника жеткізген белсенділерге алғыс хаттар табыс етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

 - Тұрғындардың бірлігінің арқасында қаламызды тасқыннан аман алып қалдық. Сыни сағатта ұйымшылдық танытып, өңірімізді сақтап қалу шараларына белсенді қатысқандарыңыз үшін облыс әкімі Серік Жамбылұлының атынан алғыс білдіремін, - деді Г.Сүйеуова

 

Белсенділер ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың, ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібайдың, ҚР Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева мен вице-министр Евгений Кочетовтың, сондай-ақ, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Марапатталушылардың қатарында жеке кәсіпкерлер, мекеме қызметкерлері және ерікті жастар мен ауыл тұрғындары бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT