Биыл С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне тиесілі 376 орындық екі жатақхана жаңартылды. Ал, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мың студентті қабылдауға дайын, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің теңгерімінде 3 жатақхана бар. Былтыр біреуі апатты деп танылғандықтан, ондағы студенттер биыл «Дана» қонақ үйі және Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының жатақханасына орналастырылады. Орын алу өтініші “Platonus” жүйесі арқылы қабылданады. Бірінші кезекте осал топтан шыққандар қамтылады. Жатақханаға қабылданған студенттер 25-30 тамыз аралығында орналасады,- деді жастар саясаты департаментінің бөлім басшысы Сайран Сейфуллин.