Тасқынның алдын алу : инженерлік жұмыс жоспары бекітілді

 Табиғи апаттың алдын алу жұмыстарына 244 техника мен 3 тікұшақ жұмылдырылады. Бұл туралы облыстық жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының бөлім басшысы Бектұрған Масатов мәлімдеді, - деп хабарлайды Өңірілік коммуникациялар қызметі.

Сонымен қатар 48,5 тонна жанар-жағар май, 235 тонна инертті материал және 161 мыңнан астам қапшық, 69 дана шатыр мен 5 мыңнан астам төсек орын әзірленген.

- Биыл табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде 10 көлік инфрақұрылым нысаны бұзылды. Қазіргі уақытта қалпына келтірілуде. Бүгінде облыс бойынша 590,6 шақырым бөгет тұрғызылып, теңгерімге алу жұмыстары жүріп жатыр, - деді Бектұрған Масатов.

Бұдан бөлек, көктемге дейін дамбалардың сапасын тексеріп, қажет болған жағдайда жаңадан соғылған бөгеттерді нығайту жоспарланған.

- Маусымға дайындық бойынша инженерлік жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес Жем өзенінің ағынын реттеу, табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою және авариялық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмыс жобасы жасалды. Онда Жем және Құрсай өзендерінің арнасын, Қамыскөл көлін тазарту, Жем өзеніне мен Құлсары қаласында қорғаныс бөгетін орнату жұмыстары қарастырылған, - деді Б.Масатов.

Қазіргі уақытта Құрсай каналының 32 км, Жем өзенінің 2 шақырымын тереңдету жұмысы жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT