Атырау мұнай өңдеу зауытының базасында күкірт сақтауға қатысты ақпарат

«АМӨЗ» ЖШС тауарлық түйіршіктелген күкіртті кристалдану блогы бар күкірт өндіру және күкіртті өндіру жөніндегі құрамдастырылған қондырғыларында шығарады.

ҚР Экология кодексінің 317-бабының 1-тармағына сәйкес өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету процесінде немесе тұтыну процесінде түзілген, иесі қалдықтар деп тікелей танитын не заңның талаптарына орай жоюға немесе қалпына келтіруге жіберуге тиісті, немесе жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операцияларға ұшыратуға ниеттенетін не ұшырататын кез келген заттар, материалдар немесе нәрселер (оның ішінде, өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар) қалдықтар деп түсініледі. Тиісінше, экокодекстің аталған бабына сәйкес, АМӨЗ-де өндірілген тауарлық түйіршіктелген күкірт өндірістік қалдық деп есептелмейді.

АМӨЗ-де түйіршіктелген күкірт тығыз полипропиленнен жасалған, механикалық, температуралық және химиялық әсерлерге төзімді, өнімнің қоршаған ортаға таралуын болдырмайтын арнайы герметикалық (биг-бег) қаптарға салынады. Ары қарай мұнай берушілер (мұнайды зауытқа өңдеуге берушілер) күкіртті сатып алушы Trade Oil Resource ЖШС-ге өткізеді. Сатып алушы өз кезегінде тауарды зауыт аумағынан шығарып, «АМӨЗ» ЖШС-ден жалға алған базаға орналастырады және сақтау, өткізу жұмыстарын дербес жүзеге асырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT