Тарихи маңызды құжат

Президент Жолдауда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасаған. Оны түбегейлі оңалту бағытында нақты міндеттер қойылып отыр.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауы- тарихи маңызы бар құжат деп есептеледі. Ол еліміздің азаматтарының әл-ауқатын арттырумен байланысты ең алдыңғы кезектегі мәселелерді шешуге бағытталған.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда мемлекеттің берік негіз қаланды. Соған қарамастан Президент қазақстандықтарды тиісті әлеуметтік қажеттіліктермен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажет деп есептейді. Енді Үкімет пен әкімдердің қызметі негізінен осы көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады.

Жолдау қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасалған түбегейлі оңалту бағытында нақты міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысы ең өзекті деген мәселелер бойынша тек аудиториямен ғана емес, бүкіл Қазақстан халқымен интерактивті диалог орнатты. Тұрғындардың кірістерін арттыру, халық толғандырған ең келелі деген мәселелер жөнінде салмақты ой қозғалды.

Президент елдің тыныс-тіршілігінен жан-жақты хабардар екендігін сенімді түрде паш етті. Осы тұрғыдан алғанда ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыру жөніндегі міндет үлкен маңызға ие болмақ.

Г.Оразғалиева,

Ақтоғай ауылдық округінің әкімі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT