Қазақстан Президентінің Жолдауында мәдениет қызметкерлерін қолдау мәселесі де көтерілгені, алдағы уақытта мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өсетіні көңілімізді бір марқайтып тастады.
Жолдауда Мемлекет басшысы:
« Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл ең алдымен кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері әсіресе, жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Келесі жылдан бастап үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс. Сондай-ақ білім, денсаулық салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек» деп атап көрсеткен.
Бұл өте орынды деп ойлаймын. Жалпы мәдениет саласының қызметі көп елене бермейтін, көзге көрінбейтін жұмыс. Оны көпшілік оңай жұмыс деп ойлайды. Халықпен жұмыс істеу қайдан оңай болсын?! Жалақысы аз болса да өз ісінің майталмандары жұмыстарын тастап кеткен жоқ. Олар қашанда Елбасының, Президент Жолдауларын халық арасында кеңінен насихаттап келеді.
Қ.Джакиев,
Бақжайық мәдениет үйінің директоры
Сурет:дереккөз