«Талас-Ұлытау-Сарайшық» экспедициясы Атырауда

Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай өтіп жатқан «Талас-Ұлытау-Сарайшық» атты республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясы Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала Атырауда жалғасын тапты.

Алдымен экспедициялық топ Атырау қаласының тарихи ордасы облыстық музейге экскурсия жасады. Одан соң тарихшы-ғалымдар, археологтар, қатысушылар болып экспедиция бойынша өзара пікір алмасып дөңгелек үстел өткізді. Экспедиция қатысушылары мен қонақтарға арналған Қарағанды облыстық музей қорынан Болған ана жаңғыртпасы мен ортағасырлық қару-жарықтар қойылған көрме ұйымдастырылды.

Атырау өңіріндегі сапар қаланың солтүстігінен 55 километр жерде Жайық өзенің оң жағалауында орналасқан ортағасырлық қала - Сарайшықта жалғасты. Қала іргесі 11 ғасырда қаланған. Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны. Қаланың гүлденген дөуірі 13 - 14 ғасырлар аралығы. Алтын Орданың күйреуіне қарай қала әлсірегенімен артынша Ноғай ордасының астанасы атанып, қайтадан дәуірледі. Қасымхан тұсында Қазақ хандығының алғашқы астанасы болды.

Сонымен қатар экспедиция қатысушылары «Сарайшық» туристік орталығында, хандар пантеоны ескерткішінде болды. Онда тарихшылардан, археологтардан сұқбат алынып, видео түсірлім жасалды. Осымен батыс аймақтағы сапар аяқталып, экспедициялық топ Жошы ханның кесенесі орын тепкен ұлт ұясы Ұлытау облысына жол тартты.

Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «Талас-Ұлытау-Сарайшық» республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясы 20 қыркүйек – 1 қазан аралығында өткізіледі. Экспедиция Жошы Ұлысының тарихымен байланысты археологиялық, архитектуралық, мемориалдық нысандарды сақтау, зерттеу, насихаттау мақсатында өткізіліп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521