Ағымдағы жылы Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде облыстық Полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты 25 қылмыстық іс (4 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 16 іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, 5 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде), Атырау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне қатысты 5 қылмыстық іс (4 іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, 1 іс қылмыстық іс тергелуде), Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне қатысты 2 қылмыстық іс (1- іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, 1 іс тергелуде).
Департамент аяқталған қылмыстық істер бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен жағдайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізеді. Ағымдағы жылы Полиция департаментіне осындай 17 ұсыныс енгізілді. Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға әкеп соққан себептерді мұқият қарау үшін енгізілген ұсынымдарды қашықтықтан қарауды ұйымдастырды.
Шара барысында өндірісте болған қылмыстық істер қаралды. Мәселен, а. ж. наурызда қызметтік автокөліктердің қызмет көрсету бойынша келісім-шарт жасауға ықпал ету сылтауымен ЖШС өкілінің мүлкін алаяқтық жолмен алып кеткен Атырау облысы бойынша Полиция департаментінің тылдық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы бастығы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айырылып, 3 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Сәуір айында қаруды сақтауға рұқсат қағазын жеделдетілген түрде бергені үшін пара алу фактісі бойынша Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі сот үкімімен мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айырылып, 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі таңда, Облыстық полиция Департаментінің тылдық қамтамасыз ету басқармасының Автошаруашылығы бастығы мен оның орынбасарына қатысты ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша қылмыстық іс қарауда. Сондай-ақ, Департаментпен 2019 жылы қазан айында өзінің лауазымдық міндеттеріне немқұрайлы қарау салдарынан өзінің өндірісіндегі заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша қылмыстық істің заттай дәлелдемелерді (автомашина мен темекі бұйымдарын) жоғалтқан, сондай-ақ, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы дәлелденбеуіне байланысты іс өндіріспен тоқтатылды. Тергеу барысында анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Экономикалық тергеу департаментіне ұсынымдар енгізілді. Нәтижесінде Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі А. Қадыралиевке ұсынымды қарау нәтижесі бойынша сөгіс жарияланды. Атырау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде 5 қылмыстық іс бар екенін атап өту қажет. 4 аяқталған іс бойынша 4 осындай ұсыныс енгізілді, оларды қарау нәтижелері бойынша 7 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды, оның ішінде 2-уі басшы құрам.
Департамент ҚАЖД қызметкерлеріне қатысты салғырттық, қызмет бойынша әрекетсіздік және билікті асыра пайдалану фактілері бойынша істерді тергеді. Отырысқа Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының м. а. Қ. О. Қожахметов қатысты. - "Төтенше жағдай режимі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі белсенді жұмыс үшін кедергі болып табылмайтынын атап өткім келеді. Біздің жұмысымыз азаматтардың қабылдауын өткізу, опен-спэйс кеңістіктер, сервистік әкімдіктер құру жолымен Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бөлігінде Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмаларын орындауға бағытталған.
Департамент қызметкерлері Antikor.Live. жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті онлайн форматта үздіксіз трансляциялау жүзеге асыруда. Сондай-ақ, шара барысында Бірінші басшылардың бағыныштылар арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігіне қатысты мәселе де қозғалды. Өткен жылдың қараша айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға бірқатар түзетулер енгізілді. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің саяси және тәртіптік жауапкершілігінің орнынан түсу тетігі жүзеге асырылады. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өз міндетін жүйелі түрде елемеуі бойынша басшысының жауапкершілігі енгізілді. Бұл өз кезегінде, сыбайлас жемқорлық тұрғысынан өзі басқаратын мемлекеттік органда немесе бөлімшеде қолайсыз жағдайға әкеп соқтырады.