Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті

Атырауда халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай форум өтті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков,  мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдары туралы пікірлерімен бөлісті.

Форум барысында қоғамның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы, қоғамда сыбайлас жемқорлықты болдырмауды қалыптастыру мәселелері көтерілді, сондай-ақ іске асырылып жатқан жобалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа тәсілдер қаралды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін қатысушыларға алғыс білдірді.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелеріне тоқталды.

Спикердің айтуынша,  "Open space" жобасы -  мемлекеттік қызметшілердің жұмысын оңтайландыруға, ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған.

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов 2021 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысының нәтижелері туралы айтты.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау бойынша 7 мемлекеттік органның қызметінде жекелеген кемшіліктер анықталған.

Атап айтқанда, Денсаулық сақтау басқармасына, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, Ішкі саясат басқармасына, Табиғи монополиялар департаментіне, Білім басқармасына, Ауыл шаруашылығы басқармасына қатысты ұсыныстар енгізілді.

- Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық үшін 51 адам жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде бюджетке келтірілген 1 млрд. теңге шығын өтелді, - деді Қанат Сүлейменов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521