Атырауда жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт табылмай жатыр

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа қарағанда, жас жігіт 30 қарашада жоғалған.

Үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған жігіт Атырау қаласындағы «Өркен» шағын ауданында тұрған. Ол 30 қарашада үйінен «Авангард-2» шағын ауданындағы мектепке бару үшін шыққан. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

Анасының айтуына қарағанда, ұлы практикаға бармақ болған. Екеуі 1 желтоқсанда кешкі сағат 19:00 шамасында ұялы телефонмен сөйлескен. Кейін ұлының ұялы телефоны өшіп қалған. Жас жігіттің анасы WhatsApp желісі арқылы атыраулықтардан ұлын табуға көмектесуді сұрап отыр.

Қазір Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалған жігітті іздестіріп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521