Сот шешімімен жұмысына қайта кірісті

Махамбет аудандық сотында талап қоюшы жауапкер И КМК-нің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жою, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақы өндіру, моралдық зиян өндіру туралы азаматтық істі қараған еді.

Іс құжаттары бойынша КМК-ның 2019 жылғы 2 қыркүйектегі бұйрығы негізінде талап қоюшы И жұмыстан босатылып, еңбек шарты тоқтатылыпты. Талап қоюшы жұмыс берушінің аталған бұйрығымен мүлдем келіспейтінін, жұмыстан заңсыз босатылғанын көрсетіп, бұйрықты заңсыз деп танып, оның күшін жоюды, бұрынғы жұмысына қайта орналастыруды, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақыны және моралдық шығын өндіруді сұраған.

Сот отырысында талап қоюшы И және оның заңды өкілі нақтылаған талаптарын қуаттап, талап қоюшының талабын қанағаттандыруды сұрап көрсеткен-ді. Жауапкердің өкілі талаппен келіспей, талап қоюшыны жұмыстан босату кезінде заң талаптары сақталғанын, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Іс құжаттарында анықталғандай, 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі бұйрықпен талап қоюшы И атқарып отырған жұмысынан босатылып, еңбек шарты тоқтатылған екен.

Аталған бұйрықты шығарған кезде жұмыс беруші ҚР Еңбек Кодексінің 50 бабының 3 тармақшасын негізсіз басшылыққа алғаны анықталды. Сот шешімімен талап қоюшының талап арызы ішінара қанағаттандырылып, талап қоюшы И өз лауазымына қайта орналасты.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521