Әкімшілік жауапкершілікке тартыла тұра, оның көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасының мерзімі аяқталмай, кері қайталап жасағаны үшін күдіктелуде.
2020 жылдың 12 қарашада сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасағаны үшін күдікті Е-ге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхаты түсті.
Сотта анықталғандай, Е-ге қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталған. Яғни күдікті Е-ні күзетпен ұстаудың негіздері, әкімшілік жауапкершілікке тартыла тұра, оның көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасының мерзімі аяқталмай, кері қайталап жасағаны үшін күдіктелуде.
Тергеу судьясы күдікті Е-ге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасына санкция берді.
Сот тергеушінің өтінішін қанағаттандырып, күдіктіге қатысты бір ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасына санкция беруге қаулы етті.
Тергеу амалдары жалғасуда.
Аудандық соттың баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз