Өсімдіктерді қорғау – жалпы тіршілікті қорғау

Махамбет аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау саласы Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңы аясында және 2018 жылы шегіртке тұқымдас зиянкестерге қарсы іс-шаралар ұйымдастырудың қадамдық жоспарына сәйкес жұмыстар атқаруда.

Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi:

1)мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

2)қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету;

3)фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу шаралары маусым айының аяғында ауданның Бейбарыс ауылдық округіндегі «Шодыркөл» учаскесінің 250 гектар аумағында жүргізілді. Қызмет көрсетуші - «КазАвиа» тәуелсіз әуе компаниясы ЖШС. Қолданған пестицид хитин синтезін реттегіш Диурон (с.к) пестициді. Химиялық өңдеу кезінде техникалық сақтық шаралары мен жеке гигиенаға талаптарын сақтау мақсатында мемлекеттік инспектор жұмыс үрдісін қатаң бақылауда ұстайды. Аудан көлемінде саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу шаралары шілде айында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілді. Айта кетер болсақ, 6 ауылдық округтерінде (Ақтоғай, Ақжайық, Бақсай, Бейбарыс, Жалғансай, Махамбет) барлығы 2 430 гектар алқапқа Даклоприд 20% ск пестицидімен жүргізілді. Қызмет көрсетуші мекеме - Ақтөбе облысының «ЗапКазФумигация» ЖШС. Химиялық өңдеу кезінде барлық сақтық шаралары алынды. Жергілікті жерде құрылған комиссия мүшелері өңдеу жұмысының басы-қасында болып, өсімдік қорғау саласындағы заң бұзушылықтар орын алған жоқ. «РФДжБӘО» РММ Махамбет аудандық филиалының мамандары ересек саяқ шегірткелердің т.б. зиянды организмдердің қоныстануына жүргізілетін зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Аудан көлемінде фитосанитариялық ахуалды қалыпты жағдайда ұстау мақсатында сала мамандары жоспарлы жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра береді.

К.ДӘУІТБАЙ,

аудандық аумақтық инспекциясының бас маман - өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521