Атырау облысында шетелдік жұмысшыларға берілген рұқсат кері қайтарылды.
Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мамандары жүргізген жоспардан тыс тексерістің нәтижесінде шетелдік жұмысшылардың мамандығы бойынша берілген рұқсатқа сәйкес келмейтін лауазымда жұмыс істегені анықталған.
«Мәселен, 2019 жылы 180 шетелдік жұмысшы мамандығы бойынша берілетін рұқсатқа сәйкес келмейтін лауазымда қызмет атқарған. Ал, 123 шетел азаматының білімі атқаратын лауазымына сәйкес еместігі анықталды. Былтыр шетелдік жұмыс күшін тарту заңдылығын сақтауға байланысты екі компанияда жүргізілген тексерудің нәтижесінде 1 шетелдік жұмысшының берілген рұқсатқа сәйкес келмейтін лауазымда жұмыс істеп келген. Биыл профилактикалық бақылау және қадағалау арқылы тексеріс нәтижесінде 3 шетелдік жұмысшының тиісті заңдылықты бұзғаны белгілі болды», -дейді басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Мұханова.
Оның айтуынша, тиісті заңдылықтың талабын сақтамаған шетелдік жұмысшыларға берілген рұқсаты кері қайтарылған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда құжатсыз жүрген 25 шетелдік анықталған еді.