Шарапаты мол шағын бизнес

«Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесулері жалғасып жатыр. Жуырда партиялықтар Шымкент қаласында болып, бизнес-қауымдастық өкілдерімен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін талқылады.

Партия төрағасы Ерлан Қошанов партия шағын және орта бизнес үшін елде бизнес жүргізу бо­йынша қарапайым ережелерді қамтамасыз етуді жалғастыратынын атап өтті. «Біз жеке бастамалар мен нарықтық экономиканың күшіне сенеміз. Партия заңнама деңгейінде экономикадағы монополияны жоюға және адал бәсекелестікті дамытуға қол жеткізеді. 2027 жылға дейін біз кем дегенде 15 мың артық реттеуші кедергіні жоямыз», деді Е.Қошанов.

Оның айтуынша, «Amanat» партиясы машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіпте жүздеген жаңа кәсіпорын құруға ықпал етеді, онда жыл сайын кемінде 40 мың сапалы, жоғары жалақы төленетін жұмыс орны ашылады. Штаб мүшелері «Асар» шағын ауданының тұрғындарымен инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үйге қолжетімділікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Қала тұрғындары инженерлік желілердің тозуы, коммуналдық тарифтер құнының жоғарылауы, абаттандыру және жасыл желек тақырыптарын қозғады. Партия сайлауалды уәделерін орындау аясында Шымкентте 5,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 67,4%-дан 85%-ға дейін көбейту, аулаларда 100 ашық спорт алаңын салу және көшелерді жарықтандыру мәселесін толығымен шешу жоспарланып отыр.

Аманаттықтар қаладағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына барып, аға буын өкілдеріне зейнет жасындағы адамдардың өмір сапасын жақсарту жөніндегі партияның бастамалары туралы айтып берді. Осы күні «Айна» базарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастармен экспромт-кездесу өтті. Шымкентте партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам жас тегін кәсіптік білім, 32 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқуға мүмкіндік алады және 5 мың жас алғашқы жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері 17 күн ішінде аманаттықтар 1 871 300 адам қатысқан 19 мың іс-шара өткізді. Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне сайлаушылардың 14 700-ден астам ұсыныс-пікірі келіп түсті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT