Сессияға шақыру

Махамбет аудандық мәслихатының кезекті 48-сессиясын және кезектен тыс 49-сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 18-баптарына сай аудандық мәслихат сессиясының төрағасы аудандық мәслихаттың кезекті 48-сессиясы 2019 жылдың 26 желтоқсан күні және кезектен тыс 49-сессиясы 30 желтоқсан күндері сағат 15-00-ге «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында шақыру туралы шешімдер қабылдады.

Сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылды:

48-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылды:

1. 2020- 2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Хабарламашы : Е.Құлмағамбетов – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

2. Аудандық мәслихаттың 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы

Хабарламашы: О.Қайрекешева- аудандық мәслихат аппаратының басшысы

3. Басқа да мәселелер 49-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылды:

1. 2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы

Хабарламашы : Е.Құлмағамбетов – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

2. Басқа да мәселелер

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысы 2019 жылдың 26 желтоқсан және 30 желтоқсан күндері сағат 10-00 -де аудандық «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында өтеді.

Аудандық мәслихат аппараты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT