Серіктестік басшылары маңызды меморандумға қол қойды

Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен тың бастама қолға алынды.

«ОЙЫЛ–ҚИЫЛ–ЖЕМ–САҒЫЗ» атты экологиялық тақырыптағы бірлескен шығармашылық-зерттеу жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Жоба аясында «Атырау-Ақпарат» және «Ақтөбе медиа» ЖШС-тері арасында әріптестік бағыттағы қарым-қатынастарды дамыту, бұқаралық ақпарат құралдары саласында шығармашылық байланыстарды өрістету көзделіп отыр. Осы бағытта бүгін аталған екі серіктестіктің басшылары Ысқақ Егембердиев пен Раукен Отыншин өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

mem71020-2

«Ақтөбе Медиа» серіктестігінің директоры, Қазақстан Журналистер Одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Раукен Отыншин шығармашылық-зерттеу жобасының серіктесі болып табылады.

Меморандум аясында аталған өзендердің ахуалы жөнінде экспедициялар, қоғам белсенділері, тиісті құрылымдармен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру сияқты жұмыстар жасалады.

mem71020-4

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT