Сенатор: АЭС салу – Қазақстан үшін стратегиялық маңызды шешім

Сенат депутаттары Әлібек Нәутиев пен Сағындық Лұқпанов Атырау облысының тұрғындарымен кездесті және Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылады. Кездесулердің мақсаты халықты атом энергетикасының артықшылығы туралы хабардар ету және алдағы референдумға белсенді қатысуға шақыру болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Сенаторлар кездесулер барысында АЭС құрылысы өңірдің және тұтастай алғанда бүкіл еліміздің экономикасына қалай оң әсер ететіні жайында егжей-тегжейлі түсіндірді. Жаңа жұмыс орындарын ашу, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сырттан келетін энергияға тәуелділікті азайту және экологиялық таза энергетикаға көшу сияқты артықшылықтар атап өтілді.

Тұрғындар пікірталасқа белсенді қатысып, атом станциясының қауіпсіздігі, олардың қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына әсері туралы сұрақтар қойды. Депутаттар Қазақстанда АЭС құрылысы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына қатаң сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтіп, барлық сұрақтарға толық жауап берді.

«Атом электр станциясын салу – біздің мемлекетіміз үшін стратегиялық маңызды шешім. Бұл Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа технологияны дамытуға және жоғары технологиялық жұмыс орындарын ашуға соны серпін береді», деп атап өтті сенатор Нәутиев. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT