АЭС: Отандық кәсіпорындар рөліне назар аударылды

Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Алматы қаласына барып, Ядролық физика инсти­­ту­тының жұмысымен танысты, сондай-ақ Қазақстан-Британ техникалық университетінің ұжымымен кездесті.

Университет оқытушылары мен студенттерімен кездесуде атом энергетикасында көп жылдық тәжірибесі бар халық­аралық компаниялардың АЭС құрылысына қатысу мәселесі тал­қыланды. Жобаның қауіп­сіз­дігін Атом энергиясы жөнін­дегі халықаралық агент­тік ба­қы­лайды, ал шы­ғын­дар Дүние­жүзілік банктің қадаға­лауымен қоса үш деңгейлі аудиттен өтеді.

Сенатор Руслан Рүстемовтің айтуынша, атом өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындардың рөліне ерекше назар аударылды. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында уран өңделеді әрі ядролық отын қалдығы жинақталып көміледі. Елімізде ядролық реакторлар жарты ғасыр­дан аса уақыт жұмыс істеп келеді. Шикізаттық емес әлеуетті дамыту үшін атом энергиясын тиім­ді пайдалануға бағытталған ғылыми жобаларды жүзеге асыру қажет.

«Еліміздің шикізат­тық емес әле­уетін дамы­туда Ядролық физика институты ғалымдарының зиянды орга­ни­калық заттардың, зиянды микроорганизмдердің, судан радиациялық өңдеу арқылы таралатын аурулардың, химиялық реакциялардың әсері туралы жобаларын жүзеге асы­руға уақыт қалған жоқ. Инс­титут ғалымдары озондауға қарағанда, радиациялық өңдеудің үнемді екенін және хлорлаудан әлде­қайда тиімді болатынын, сонымен қатар әлемдегі азық-түлік тап­шылығын өтейтінін ертеде дәлелдеген еді. Бейбіт атомның ел экономикасындағы әлеуетін арттыру мен оның өнеркәсіптегі жетістіктерін тиімді пайдалануға бағытталған жобаларға жол ашу керек», деді Р.Рүстемов.

Сонымен қатар депутаттар алдағы референдумның маңы­зына тоқталып, оны азаматтар мен мемлекет арасындағы саяси мәдениет пен сенімді нығайтудың маңызды құралы деп атады. Олар отандастарымызды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521