Сапалы тасжол жол қысқартады

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жетібай–Жаңаөзен» жобасы іске асырылды.

«Аккорд/Ақжол», «Дженгиз» мердігер ұйымдар 2018 жылы құрылыс жұмыстарын бастап, 2020 жылы толықтай аяқтады. Жолдың жалпы ұзындығы 69 шақырым, оның 57 шақырымы I-б санатындағы төрт жолақты, 12 шақырымы екі жолақты. Алдағы уақытта Маңғыстау облысында Құрық айлағы бағытындағы жағалық сызық бойындағы трассаны белсенді жаңғырту бойынша жол төрт жолаққа дейін кеңейтіледі.

Жалпы ұзындығы 27 шақырымды құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазталов, Бөкейорда және Жәнібек ауданын Орал қаласымен байланыстыратын, ұзындығы 280 шақырым республикалық маңызы бар жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Толық аяқтау 2022 жылға жоспарланып отыр. «AlsimAlarko–Makyol (Түркия) – SK Engineering and Construction – Korea Expressway Corporation (Оңтүстік Корея)» түрік-корей консорциумы 2018 жылы қолға алған 66 шақырымдық Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы Қарасай, Іле және Талғар аудандары арқылы 20-25 шақырым радиуста Алматы қаласын айналып өтеді. Айналма жол заманауи және жоғары технологиялы деңгейде салынады, алты жолақты жедел жол 150 км/сағ жылдамдықты қамтамасыз етеді, қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 38 мың көлікті құрайды. «Шамалған» станциясын айналып өтетін (42-49) 2453-2446 км Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы (Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды арқылы)» республикалық маңызы бар автомобиль жолы қайта жаңартылу үстінде. Жоба 2019 жылдың 15 қыркүйегінде Шамалған теміржол өткелінде орын алған қайғылы жол-көлік оқиғасынан кейін мақұлданды.

Мердігер ұйым – «TODINI COSTRUZIONI GENERALI S.p.а.» ЖШС және «СИНЕ МИДАС СТРОЙ» БК» ЖШС. Учаскеде 312 адам мен 62 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасының үстінен көпір салу 2021 жылы басталады. Өткелдің құрылысы Күршім, Қатонқарағай және Зайсан аудандарында ішкі туризмнің дамуына септігін тигізеді. Жоба отандық құрылыс индустриясының, құрылыс материалдары өндірісінің және көпірге арналған темірбетон конструкциялары өндірісінің, автомобиль жолдарының асфальтбетон жамылғысы өндірісінің өсуіне оң әсер етеді. Ақылы жолдар бойынша «Computer Vision Technologies» ЖШС (Қазақстан), «Теміржол Жөндеу» ЖШС (Қазақстан), FEЕTC Ltd (Тайвань) біріктіретін Консорциуммен республикалық жолдың 11 мың шақырымында жол ақысын жинау жүйесін қондыру және қызмет көрсету туралы келісімге қол қойылды. Оның аясында қайта қалпына келтірілген ұзындығы 5,8 мың шақырым учаскеде ақы жинау жүйесі орнатылуда. Қалғанына жұмыстардың аяқталуына қарай, 2024 жылға дейін енгізіледі. Іске асыру инвестордың жеке қаражаты есебінен басталды. Жоспарланған 99 бақылау аркаларының 90-ы салынды, ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында қалған 9-ының құрылысы аяқталады.

Автомобиль жолдарында апаттарды, жарақаттар мен өлім-жітімді азайту бағытында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Қазақстанда IRAP халықаралық жол қауіпсіздігін бағалау жүйесін енгізді. Жоба бойынша 6200 шақырым қалалық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бағалаудан өткізіледі. Бағалауды Швецияның SweRoad компаниясы мен «ҚазЖолҒЗИ» АҚ-ның қолдауымен «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК білікті мамандары орындайтын болады. Бағалау аяқталғаннан кейін әрбір жол учаскесіне IRAP стандарттары мен нұсқауларына сәйкес жұлдызшалар рейтингі тағайындалады. Ол бойынша апаттық жағдайларды, еліміз жолдарындағы өлім-жітім мен жарақаттануды азайту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ, «Жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және жоғары оқу орындары негізінде құрылатын IRAP ұлттық озық білім платформасын құратын болады. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бүкіл республика бойынша жұмыс орындарына жүргізген 20 мың инспекциялық тексерісімен 15 мың тәртіп бұзушылықтар анықталды. Таңдап алынған 37 мың жол-құрылыс материалдары сынақтан өткізіліп, сараптама нәтижелері бойынша 2,9 млрд.теңге көлеміндегі жұмыстарды қайта құру ұсынылды, оның 2,4 млрд.теңгесі орындалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс жасап келеді.

Атқарылған жұмыстарды және мердігер ұйымдар қолданатын материалдардың сапасын арнайы мониторингтік топ бақылауына алды. Алғаш рет жол қауіпсіздігі деңгейін бағалай отырып, ұзындығы 16 мың шақырым болатын автомобиль жолдарын аспаптық диагностикамен қамту жұмыстары жүргізілді. Жол бойындағы қызмет көрсету дамыту бағытында жылдың басынан бері 35 нысан салынды, істеп тұрғандармен қосқанда олардың жалпы саны 1839-ға жетті. Жыл соңына дейін қызмет көрсету нысандарының 58%-ын халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіру жоспарлануда. Министрлікте «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-мен «Компас» желілік жанармай құю станциялары компаниясы арасында жол бойындағы қызметті дамыту саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Бұл бойынша жанармай бекеті, ауыр көліктер мен автобустарға арналған кең автотұрақ, 80 орындық фуд-корт, тауарлар мен автомобиль керек-жарақтарының үлкен таңдауы кіретін 35 Express Market жол бойындағы сервистік кешені салынады.

Жоба 4200 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында 2025 жылға дейін 24 мың шақырымға созылатын республикалық автомобиль жолдары бойындағы қызмет көрсету нысандарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру көзделуде. Бұл жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлермен бірлесіп жүзеге асырылаты болады.

"Жайық-Ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521