Сапалы білім беруге ұмтылу керек

Әлемді жайлаған коронавирус індетінің кесірі білім саласын да айналып өтпегені белгілі.

Өткен жылдың соңғы тоқсанында ұстаздар қауымының шәкірттеріне қашықтан білім беруіне тура келген-ді. Жағдайдың әлі де толық қалыпқа түспеуіне байланысты биылғы жаңа оқу жылы да қашықтан оқытуды жалғастыруға мәжбүр етті. Болашақта телефон мен компьютерден бас алмаған баладан қандай білім шәкірт қалыптаспақ деген сұрақ көпшіліктің көкейінде жүрген рас. Ал кешегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауы еліміздің алдағы бағыт-бағдарын, қоғамдағы білім, денсаулық, ауыл шаруышылығы салаларындағы өзекті мәселелерді оңтайлы шешудің жолдарын айқындап берді.

Президенттің мұғалімдерге, қолжетімді әрі сапалы білім беруге қатысты Жолдауда айтқан сөздерін ұстаздар қауымы жылы қабылдады деуге болады. Әсіресе, 2021 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көбейту жөніндегі шешімі орынды болды деп есептеймін. Қашықтан оқыту жүйесі қолға алынғалы бері ұстаздардар күндіз-түні телефонға телміріп, ата-аналармен, оқушылармен үздіксіз байланыс ұстап отырды.

«Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу керек»,- деген Президенттің тапсырмасы жуық арада орындалады деген сенімдеміз. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік салаға қызушы жастар көбейіп келе жатқандығы қуантады. Жолдауда да бұл бағытқа басымдық бере отыра, «Кәсіпкерлік негіздері» атты пәнді мектептен бастап оқытылуы керектігі айтылды. Экономикамыздың іргелілеуіне септігін тигізер кәсіпкерлердің жаңа буыны қалыптасуына басымдық берілмек.

Жанаргүл БАҒЫТОВА,

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің

физика пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT