«Самұрық-Қазына» Қоры жекешелендіру және IPO бойынша ресми сайтты іске қосты

Халықты кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ алаяқтық мақсаттарда пайдаланылатын жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін «Самұрық-Қазына» Қоры жекешелендіру бағдарламасы мен IPO-ның мамандандырылған IPO.SK.KZ интернет-ресурсын іске қосты.

Сайт «Самұрық-Қазына» Қорының бағдарламасы туралы ресми және өзекті деректерді үш тілде ұсынады, навигация бағдарламаның соңғы жаңалықтарынан, жиі қойылатын сұрақтардыңжауаптарынан және «Самұрық-Қазына» бренді мен оның портфельдік компанияларын пайдаланатын интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары туралы ақпараттан тұрады.

Платформада жекешелендірілетін активтер және IPO мен жекешелендіруге қатысу туралы қадамдық нұсқаулық, бағалы қағаздарға қаржыландыру негіздері мен қор нарығының жұмыс механизмдері туралы білім беру контенті, сондай-ақ ірі активтердің IPO тарихы жинақталған.

Айта кетерлік, бұл ресурс тек институционалдықинвесторларға ғана емес, сондай-ақ бөлшек (жеке) инвесторлар үшін де пайдалы болады.

Біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандыққақолжетімді IPO.

 

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521