Есбол ауылдық округіне қарасты Еңбекшіл ауылындағы №230 сайлау учаскесінде 159 сайлаушы тіркелген.
Сайлау участогінің төрағасы Айболат Қуанышевтің сөзінше, науқан бірқалыпты өтуде.
- Сағат 9:00-ге дейін 35 сайлаушы өз таңдауын жасаса, дәл қазіргі уақытта 60-тан асты. Жанұясымен келіп дауыс берушілер де табылып жатты. Бұл сайлауға тұрғындардың ерекше мән бергені байқалады. Бұрынғыдан гөрі саяси үрдістерге салмақпен қарай бастағаны сезіледі. Жастар ата-аналарын алып келіп, бірге дауыс беруде. Бұрынғы сайлауларда болмаған өзгешелік: қариялар үлкен өзгерістерді күтетінін, оған тілектес екенін айтып, бата-тілектерін жаудыруда. Жаңа Қазақстандағы оң өзгерістерге сенім білдіруде, – дейді №230 сайлау учаскесінің төрағасы.