Алтынайдың алғашқы сайлауы

Сарайшықтағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында орналасқан №224 сайлау учаскесінде ең жас сайлаушы ретінде тіркелген Алтынай Шамшиден өз таңдауын жасады.

- Сайлау халықтың билікке деген сенімінің және азаматтық қоғамның кемелдену деңгейінің көрсеткіші. Ал елдің қарыштап дамуы мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасына, олардың сенімі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Ертеңін ойлайтын әрбір ел азаматы сайлауға дауыс беруге тиісті деп есептеймін. Тұңғыш рет қатысқан сайлауымда еліміздің болашағы үшін таңдау жасағаныма қуаныштымын.Және ерекше сезімде болдым. Өйткені, осындай саяси додада таңдау жасау мен үшін үлкен жауапты сәт,-дейді саяси науқанда алғаш дауыс берген жас сайлаушы.

Аталған сайлау учаскесінде тіркелген 289 сайлаушының 80-ге жуығы дауыс беріп үлгерді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан Ескі Сарайшық ауылының тұрғындары белсенділік танытуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT