«Сайлаушы халықтың қамын ойлайтын адамға ғана таңдау жасайды»

Атырауда облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен ҚР мәслихаттарының 25 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2

Конференция жұмысына ардагерлер, аудандық, облыстық мәслихаттардың депутаттары мен хатшылары, ғалымдар мен педагогтер қатысты. Мерейтойлық шараны ашқан Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ Зинуллин жергілікті өкілетті органдардың - мәслихаттардың аймақты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Мәслихаттар институты ҚР «ҚР жергілікті және атқарушы органдар туралы» Заңы аясында 1993 жылы желтоқсанда құрылып, жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымына өзгеріс енгізді. 1994 жылы 4 наурызда жалпыхалықтық сайлау өтіп, өкілетті органның алғашқы шақырылымы сайланды. Облыстық, қалалық, аудандық кеңестер мәслихат деп аталды. Халық қалаулыларын облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құттықтады.

2

- Халық сайлаған мәслихат депутаттары жергілікті мемлекеттік басқарудың маңызды бөлігі. Мемлекеттің дамуы, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жыл санап нығайып келеді. Мұнда мәслихаттардың да айрықша рөлі бар. Өткен жылдарда мәслихаттарда экономиканың, өндіріс пен мәдениеттің түрлі салаларының өкілдері сайланды. Олардың әрқайсысы сайлаушылардың мүддесін қорғай отырып, өкілетті органдардың жұмысына үлес қосты, билік пен халық арасында алтын көпір болды. Халық қалаулысы болу - құрмет және абырой,-деді М.Досмұхамбетов.

Аймақ басшысы депутаттарға облыстың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жемісті еңбек тіледі.

2

Конференцияға Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов, сенатор Сәрсенбай Еңсегенов, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Өтешов, депутаттық корпус ардагерлері қатысты. Өкілетті органның аймақ дамуына қосқан үлесі, мәслихат пен қоғамдық кеңестің өзара байланысы туралы баяндамалар тыңдалды.

2

Бұл күні, сондай-ақ, Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында мәслихат сессиясы өтті. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мәслихаттардың өңір дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда атқарушы билікпен өзара байланыста жұмыс істейтінін атап өтті.

- Сайлаушы халықтың қамын ойлайтын адамға ғана таңдау жасайды. Бұл ретте өкілетті орган жұмысы тиімділігін көрсетті. Атырау облысы әкімдігі атынан атқарған жұмыстарыңызға ризашылығымды білдіремін,-деді облыс әкімі.

Салтанатты шара барысында жергілікті өзін өзі басқаруды дамытуға үлес қосқан халық қалаулылары ордень, медальдармен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT