ҚР Президенті Петербург форумында: Азық-түлік тапшылығымен күрес – ортақ міндетіміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өтіп жатқан XXV Халықаралық экономикалық форумда халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамту мәселесін көтерді.

Президент азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән берді. Оның айтуынша, қазіргі жағдайда екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін толық жүзеге асыру аса өзекті болып отыр. Бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректеріне сілтеме жасай отырып, Ресей мен Қазақстан әлемнің осы саладағы жетекші елдері екеніне тоқталды.

«Халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамту ішкі тұрақтылықты сақтаудың бірінші кезектегі міндеті және факторы болып қала береді. Сенімді азық-түлік жүйесін құру үшін инновациялық шешімдер мен озық технологияларды енгізіп, азық-түлік шығындарын азайту маңызды», - деді Қазақстан Президенті.

Қ. Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін барлық қатысушы мемлекеттердің қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, ЕАЭО-ны қоса алғанда, ұлттық деңгейлерде де, өңірлік бірлестіктер аясында да әзірлеу керегін айтты.

«Ынтымақты жұмыс болмаса, осындай өте маңызды салада көзделген мақсаттарға жету қиын. Басқаша айтқанда, шектен тыс инфляциямен, азық-түлік тапшылығымен күрес – біздің ортақ міндетіміз. Қазір және таяу уақытта бізге бұдан маңызды мақсат жоқ, өйткені ол біздің азаматтарымыздың әл-ауқатына тікелей қатысты. Біздің мемлекеттеріміздің әлеуеті нарықтарымызды қажетті азық-түлік тауарларымен тұрақты және толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика