Президент Петербург форумында Жайық өзенінің экологиялық қиын жағдайы туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдерінің экологиялық мәселелерін бірлесіп шешуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз «жасыл» инвестицияларды арттыру мен тиісті жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін жүйелі түрде кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Экологиялық проблемалар жаһандық сипатта болады және әлемнің барлық дерлік еліне, соның ішінде Қазақстанға да әсер етті. Мәселен өткен жылы жауын-шашын мен өзендердегі судың аз болуынан көптеген фермерлер құрғақшылықтан зардап шекті. Трансшекаралық Жайық өзені қазір қиын жағдайда», - деді Қазақстан Президенті Петербургтегі XXV халықаралық экономикалық форумда.

Қ. Тоқаев мемлекеттердің орнықты дамуына төнген осындай ұзақмерзімді сын-қатерлерді бірлесіп шешу керегін айтты.

«Тұйық цикл экономикасы» - циркулярлық экономика қағидаттарын енгізу келешегін қарауымыз керек деп ойлаймын. Біз ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын азайту, жаңартылатын энергетика секторын кеңейту және осы саладағы транзиттік шығындарды азайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз