Қызмет сапасын «Digital agent» мобильді қосымшасы сараптайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын іске асыруды тапсырған болатын.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі бүгінгі күні «Digital agent» мобилдік қосымшасы арқылы халық үніне бес минут ішінде құлақ асуда.

«Digital agent» мобилдік қосымшасын іске асырудағы басты мақсаттардың бірі - қызмет алушылармен кері байланысты нығайту және олардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына деген көзқарас деңгейін анықтау сондай-ақ, қызмет алушылардың көкейде жүрген сұрақтарына жедел жауап беру арқылы мәселесін шешу.

Яғни, азамат Мемлекеттік кірістер органдарында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ХҚКО-тарында қызмет алу кезінде қызмет көрсету сапасы ұнамаса немесе дөрекілік танытқан жағдайда осы «Digital agent» мобилдік қосымшасы арқылы қызмет көрсету сапасын бірден беске дейін бағалауға толық мүмкіндігі бар.

Егер «Digital agent» мобилдік қосымшасы арқылы қызмет көрсету сапасына төмен баға (1,2,3) берілген жағдайда қызмет көрсетуші органның жауапты қызметкері қызмет алушымен байланысу арқылы оның мәселесін заңнама шеңберінде 5 минут ішінде шешуі қажет.

Бүгінгі күні, Атырау облысында «Digital agent» мобилдік қосымшасы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының ХҚКО-тары және Мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасын ғана бағалауға болады.

Жалпы мобилдік қосымша арқылы Республиканың басқа өңірлерінде әкімдіктер, білім беру ұйымдары, ішкі істер органдары, жұмыспен қамту орталықтары мен емханалар көрсеткен қызмет сапасын бағалауға мүмкіндік бар екендігін және алдағы уақытта аталған ұйымдардың Атырау облысы бойынша көрсеткен қызметтеріне де баға беруге болатындығын хабарлаймыз.

Сонымен қатар, «Digital agent» мобилдік қосымшасын «Play Mаrket» және «Appstore» мобилдік қосымшалары ақылы жүктеп алуға болатынын облыс тұрғындары мен қонақтарының қаперіне беріледі.

Ж.Байшеркешов,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет

істері агенттігінің Атырау облысы бойынша

департаментінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT