Атырау облысының дәріханаларына 100 мың дана медициналық маска жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев мәлім етті.
«Қазір Атырау облысындағы дәріханаларда 21 800 дана медициналық бір реттік маска бар. Бұған қосымша «Медфарм импорт» ЖШС 100 мың дана көп рет қолданатын бетперде алу үшін «ҚазТехИндустрия» компаниясымен келісімшарт жасады. Атырауға медициналық маска жақында жеткізіледі», - деді Амантай Жұмағалиев.