Қазақстаннан Түркияға әуе қатынасы қайта ашылады

2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұған дейін COVID19-ның таралуына байланысты, түрік тарапы 2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізген болатын.

Министрлік екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен жұмыс жүргізді.

Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Дереккөз:aikyn.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT