Атырау облысында сенбі және жексенбі күндері карантиндік шектеулер күшейтілмек, деп хабарлайды ATPress.kz
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қанат Ғайнеденовтың 2020 жылғы 15 тамыздағы №62 қаулысына сәйкес 17 тамыздан бастап облыстағы шектеу шаралары жеңілдетіліп, кейбір қоғамдық нысандардың жұмысына рұхсат етілген болатын. Дегенмен қаулы мәтінінде көрсетілгендей демалыс күндері кейбір карантин шаралары қайта күшейтіледі.
Осыған орай 22-23 тамыз күндері Атырауда:
- халықтың қозғалысын шектеу;
- қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;
- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;
- сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;
- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға;
- СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметін тоқтата тұруға;
- балалар түзету кабинеттерінің, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының, фитнес орталықтарының, моншалардың, сауналардың қызметін тоқтата тұруға міндетті.
Айта кетейік, Атырау облысы бойынша карантин 31 тамызға дейін жалғасатын болады.
Сурет:дереккөз