Қазақстандағы екі ірі Медиахолдинг өзара әріптестік байланысты нығайтып жатыр

«Қазақ газеттері» ЖШС мен «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды atr.kz.

«Қазақ газеттері» ЖШС мен «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

«Ондағы мақсат – ақпараттық кеңістікте аймақтық БАҚ-тың жұмысын жандандыру, тараптар арасында ынтымақтастық пен берік байланыс орнату, қос тараптың медиа мамандарының өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби тұрғыда өсуіне ықпал жасау. Сонымен бірге, қажет болған жағдайда нақты жобаларды бірлесе жүзеге асыру» дейді «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Ысқақ Егембердиев.

«Ана тілі», «Ұйғұр авази», «Экономика» газеттері мен «Мысль» журналы сынды бірқатар ірі басылымдардың басын біріктіріп отырған «Қазақ газеттері» серіктестігін қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Паттеев Шәмшидин Әшенқожаұлы басқарып отыр.

Атап өтерлігі, «Қазақ газеттері» серіктестігі мен оның құрамындағы мерзімді басылымдар аға ұрпақ дәстүріне адалдықтың үлгісін көрсетіп келеді. Серіктестіктің тыныс-тіршілігіне заман ағымына байланысты енгізген заманауи технологиялары өз алдына бөлек тақырып.

Еске сала кетелік, «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еліміздің батыс өңіріндегі екі облыстық, жеті аудандық, он бір ақпараттық сайтты біріктіріп отырған ірі медиахолдинг.

gazet2801201

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT