Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік тағылған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ол жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде, бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқоршылығы үшін талап етілетін 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін салықтық тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Дереккөз:inform.kz