Қазақстанда коронавируспен күрескендерге "Халық алғысы" медалі беріледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Президенттің коронавируспен күрескендерге медаль беру туралы қаулысымен таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медаль "Халық алғысы" деп аталады. Ол коронавирусқа қарсы күресте ерекше көзге түскен қазақстандықтарды көтермелеу мақсатында жасалып отыр екен. "Коронавирустық инфекцияға қарсы күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Халық алғысы" медалі тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) "Халық алғысы" медалімен наградтау қағидалары;

2) "Халық алғысы" медалінің сипаттамасы бекітілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

"Халық алғысы" медалі белгіден және тағаннан тұрады. Медальдің белгісі алтын түстес жезден жасалған диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер болады. Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе «Birgemiz» логотипінің бейнесі жасалған. Медальдің жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек орналасқан. Медальдің төменгі жағында "ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ" деген жазу бар.

Медальдің артқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орнатылған. Ортаңғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2020" деген жазу бар.

Cондай-ақ, медальді Қазақстан Республикасының Президенті тапсыратыны айтылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT