Алла Тағала айлардан – Рамазанды, күндерден – жұманы, түндерден Қадір түнін артық еткен.
Қасиетті Құран Кәрімнің «Қадір» сүресінде: «Қадір түні мың айдан қайырлы», – делінген. Қадір түнін қайырлы мың айдан да! –деп бекер айтпайды. Бұл ең қасиетті түн. Ораза (Рамазан) айының соңғы 10 күнінің бірінде болады.
Бұл түн арқылы Құран Кәрімнің «Қадір» сүресінде айтылған. Бұл тағдыр түні деп те аталған екен. Қайырлы түннің ерекшелігі жетіп-артылады. Әр айдағы ауыз бекітудің өз ауыртпашылықтары мен жеңілдігі бар. Қадір түні-ұлық және аса қасиетті кеш саналады.
Ислам дінінде ең қасиетті жыл бар. Ол-Пайғамбарымыз ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірге келген жыл. Қасиетті ай бар. Ол-Рамазан айы. Ол-жұма, Арафа күндері т.б. қасиетті күндер. Қасиетті сағат(уақыт)бар. Ол-дұға қабыл болатын сәт. Қасиетті түн бар, ол-Қадір түні. Сондықтан мың айдан да қайырлы түннің ерекшелігі жетіп-артылатынын ұмытпайық, ағайын!
Қадір түнін бейне әсерлі кеш секілді өткізген ләзім. Қадір түні жақсылыққа мұрындық болып, бауырмалшылықты арттырып, ислам әлемінің біртұтастығын және күллі адамзатты апаттардан сақта!-деп тілеген жөн.
Мың айдан да қайырлы Қадір түні тілеген тілектеріміз бен құлшылықтарымызды Алла Тағала қабыл еткей!
«Жайық-Ақпарат»
Сурет:дереккөз