Прокуратура құқықтық көмек көрсетуге әзір

Прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың мақсаты - азаматтарды қабылдау және оларға құқықтық көмек көрсету.

Аталған бағытта бірқатар ұйымдастырушылық шаралар қабылданған.

Бас Прокурордың «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын орындау мақсатында жеке қабылдау жүргізуге барлық жағдайлар жасалды.

Ағымдағы жылдың 9 айында жеке қабылдауға 1573-тен аса азамат жүгініп, басшылықпен 866, жеке облыс прокурорымен 125 азамат қабылданған.

Оның ішінде 96 азаматқа заң нормалары түсіндіріліп, 29 азаматқа әлеуметтік және басқа да мәселелерді шешуге көмек көрсетілді, жекелеген өтініштер облыс прокурорымен бақылауға алынды.

Азаматтардың жағдайы үшін күнделікті 9.00 дан 18.30 дейін кестеге сәйкес Сатпаев көшесі, 25 мекен-жайында Құқық қорғау қызметтері орталығында және тәулік бойы кезекші прокурорлармен облыс прокуратурасының азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау жүргізіледі.

Азаматтармен осы форматтағы жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде, прокуратура басшылығына, облыстық сот, полиция департаменті, мемлекеттік кірістер және басқа да мемлекеттік органдардың басшыларына Құқық қорғау қызметтері орталығында әр айдың соңғы бейсенбісі күні сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін жеке қабылдауға жүгіну мүкіншілігі қарастырылған.

Одан басқа, Құқық қорғау қызметтері орталығында Атырау облысы прокуроры мен облысы әкімі бекіткен кестеге сәйкес, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері, әділет басқармасы, еңбек инспекциясы, денсаулық сақтау және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары қабылдауды жүзеге асырады.

Әр аптаның сейсенбісі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін облыс прокуроры Х.З.Дәуешов облыс прокуратурасының ғимаратында, кесте бойынша «Нұр Отан» Атырау облыстық филиалында қабылдайды.

Азаматтардың қолайлылығы үшін облыс прокуроры Х.З.Дәуешов аудандарға шығу арқылы тұрғындармен кездесу өткізуде, Жылыой, Мақат және Құрманғазы аудандарында қабылдау өткізді және кесте бойынша басқа да аудандарда жүргізіледі.

Арызданушыларды тұрғын үй саласы, алименттерді уақтылы өндіру, сот актілерімен және нақты қылмыстық істерді тергеп-тексеру жағдайымен келіспеу туралы мәселелер толғандырды.

Азаматтардың жүгінген сұрақтар тізімі құқық қорғау және мемлекеттік органдар тарапынан тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізу, тұрғын үй және жер учаскелерін алу заңдылығы бағытында ведомстволық бақылауды күшейту қажеттілігін көрсетті.

Ел Президенті бірнеше рет «естуші мемлекет» концепциясына ауысу қажеттігін, аумақтарда прокурорлардың азаматтарға қол жетімді болуын қамтамасыз ету бағытында халықпен тығыз байланыс орнатуды атап көрсеткен.

Аталған форматтағы жұмыс, Елбасының және Бас Прокурордың халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді және азаматтардың проблемаларын шешуде көрсетілетін көмек сапасын жетілдіру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес келетінін және өзінің тиімділігін көрсетті.

Атырау облысының прокуратурасы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT