Полициядан көмек сұраудың ұяты жоқ

Фото: zh-shugylasy.kz

Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрін жою туралы БҰҰ конвенциясының ережесіне байланысты жыл сайын 25 қарашада елімізде  әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні атап өтіледі.  Бүгінде соған байланысты барлық  өңірлерде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтіп жатыр. 

Аудандық полиция бөлімінде де «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» ашық есік күні өткен еді.  Ашық есік күнінде кеңес алуға  келгендерді  әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Арайлым Сапарғалиева қабылдап, өзін-өзі құқықтық қорғауы жөніндегі жадынама бойынша түсіндіріп, құқықтық кеңес алуға  келгендердің  де сауалдарына жауап беруге көшті.

Егер өміріңізге қауіп төніп тұрса сіздің пәтеріңізде шу немесе қатты дауыс естілген жағдайда полиция шақырыңыз деп көршіңізбен келісіп қойыңыз.  Уақытша тұрғылықты жер туралы достарыңызбен келісіп алыңыз.   Үйден тез шығып кету үшін қолжетімді жерге ақша, құжат, киімдеріңізді дайындап қойыңыз.  Ең бастысы дереу 102 нөміріне полицияға хабарласып, көмек сұраңыз.   Сізге міндетті түрде көмек көрсетеді. Егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жасаңыз мына сенім телефондарына хабарласыңыз: полиция  кезекші бөлімі 102, зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары үшін 111, полиция бөлімінің қабылдау бөлімі-2-11-32.    Ашық есік күні аяқталған соң қатысушыларға сары лента, қызыл шарлар үлестірілді.

А.Текебай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521