Партисипативтік келісімге келді

Талап қоюшылардың өкілдері дауды партисипативтік рәсім тәртібімен бекітуді сұрады.

Махамбет аудандық сотына талап қоюшы К. жауапкер Т-ға құрылысты бұзу туралы талап арызбен жүгінді. Талапкердің өкілі Н.Б. және жауапкердің өкілі И.Н. дауды партисипативтік рәсім тәртібімен бекітуді сұрады. Сот отырысы барысында тараптар уәкілетті тұлға адвокаттар қол қойған 2020 жылғы 9 қаңтардағы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгінді.

Тараптардың адвокаттары жасаған дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім заңға қайшы келмейтінін ескере отырып, тараптардың мүддесінде жасалды, олардың келісім шарттарын орындауы өзге тұлғалардың мүдделерін бұзбайды, сот дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.

Талап қоюшы К. жауапкер Т-ға құрылысты бұзу туралы азаматтық іс бойынша тараптар арасындағы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу төмендегідей шарттары бойынша реттелді: талапкер жауапкерге 2020 жылдың 30 мамырына дейін жер учаскесі түрінде мүлік үшін 250 000 теңге көлемінде қаржы төлеп, құрылыс материалдарын мұқият алып шығу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Жауапкер Т талап қоюшы К-ның меншігіне жер учаскесі түріндегі мүлікті Махамбет селолық округі әкімінің шешіміне сәйкес, Махамбет селосы, Абай көшесі бойындағы үйін мекенжайы бойынша Т-ға жекеменшік құқығына 45 күн ішінде қосымша (кеңейту) жер учаскесін беру туралы шешім шығарғаннан кейін 0,0035 га жер учаскесі түрінде береді. Жауапкер Т қарсы талап қою талаптарынан бас тартады.

Іс аяқталған кезде ҚР Салық Кодексінің 548 бабы 1 тармағының 1-2 тармақшасының талаптарына сәйкес дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен талапкерге талап арыз берген кезде төленген мемлекеттік баж толығымен бюджеттен қайтарылатынын атап өткен жөн.

Партисипативтік келісімді бекіту туралы ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

А.Арманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521