Бүгін, 21 қаңтар күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде ардагерлермен кездесу өткізілді.
Жиында университет ардагерлерінің кеңесі құрылып, төрағасы тағайындалды. Ректор Гүлзада Шакуликованың бастамасымен өткізілген жиында ардагерлер кеңесі атқаратын бірқатар жұмыстар талқыланды.
Жаңа кеңестің төрағасы болып Экономика ғылымдарының докторы, профессор, университет ардагері Мағауия Шырдабаев тағайындалды. Ендігі кезекте олар оқу орнының жұмысы жоғары деңгейде жүруіне өз үлестерін қосып, бағыт-бағдар береді. Сондай-ақ, ардагерлер студенттермен арнайы кездесулер өткізіп, өз тәжірибелерімен бөліседі.
- Алда университеттің ғылыми жұмысын дамыту көзделген. Бізге осы бағытта жұмыс жасау үшін аға буынның кеңесі өте маңызды. Бұдан былай ардагерлер кеңесі айына бір рет жиналып тұрады, - дейді университет ректоры Гүлзада Шакуликова.
Бүгінде университет ардагерлерінің саны - қырыққа жуық. Олардың арасында өңірдегі мұнай-газ саласында 40 жылдан астам уақыт қызмет етіп, облыс көлемінде ғана емес, республикалық және халықаралық деңгейде еңбегі сіңген тұлғалар бар.
Мағауия Шырдабаев – ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі
Өңірлік коммуникация қызметі
Сурет:ӨКҚ