«Отбасым – бақыт мекенім»

Фото: zh-shugylasy.kz

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу  мәселесінде ең маңыздысы – құқық бұзушыны жазалау емес, отбасын қолдау және сақтау. Ресми стистикалық  мәліметтерге сүйенсек,  зорлық-зомбылық  әрбір үшінші отбасында кездесіп, қылмыстың 30 пайызын құрайды. «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында «Сарайшық» ауылдық мәдениет үйінде «Отбасым – бақыт мекенім» атты шара ұйымдастырылды.

Шараға аудандық ішкі-саясат, мәдениет,  тілдерді дамыту және спорт бөлімінің  сектор меңгерушісі Г.Бекбаев, аудандық полиция бөлімі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан  қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны А.Сапарғалиева, ауылдық  әйелдер  кеңесінің төрайымы Қ.Көшкінбаева, Махамбет көпбейінді ауыл шаруашылық колледжі педагог-психолог маманы А.Мұхамбетжанова, ауылдық округ аппаратының бас маманы С.Берікқалиева, аудандық полиция  бөлімі, жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қ.Сабиров және ауылдық кітапхана, мәдениет үйі қызметкерлері қатысты.

– Ең бірінші, әйел затының бақытты болуы маңызды. Дені сау, ешкімннің зәбірін көрмей, ер азаматының жанында бақытты өмір сүрген  қыз-келіншектер ғана ертеңгі елдің болашағын ойлайтын перзентті дүниеге әкеліп, тәрбиелей алады. Жалпы қазақ халқында  отбасы мәселесін  әйел адамзаты «Ұят болады»,  «Ел не дейді?», «Бәріне шыдау керек»,«Балаларым жәутеңдеп әкесіз өспесін» деген сияқты ұғымды саналарына сіңіріп, өздеріне қиын болса да қанша қыз-келіншектер өмір сүріп жатыр. Отбасылық өмірде күйеуінен зәбір көрген әйелдер Атырау қаласындағы «Дағдарыс орталығында» баласымен бірге 6 ай тұруға мүмкіндік бар. Ол жерде балаларын балабақшаға, ал өздерін жұмысқа орналастырып беруге  жағдай жасалады,- деді әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны А.Сапарғалиева.

Шара барысында тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, шара қонақтары отбасы құндылығын сақтау, әйелдердің өзін-өзі қорғау бойынша ойларымен бөлісті.

Р.СЕЙТЖАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521