Отбасылық қатынастар дағдарысқа ұшырауда қиындықтан шығудың жолы қандай?

Мемлекеттің өркендеуі, экономикасының дамуы сауатты, саналы жастардың белсенділігімен таразыланады. Еліміздің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі.

Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті әрі қасиетті алтын мектебі. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр. Адалдық пен мейрімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – отбасы мектебінің ұстаздары саналады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.

Қазіргі кәмелетке толмағандардың дұрыс мінез-құлқын бұзатын айтарлықтай маңызды фактор дәстүрлі отбасылық қатынастардың дағдарысқа ұшырауынан болып отыр. Отбасы бүгінде экономикалық реформалардың әлеуметтік құрбаны болуда. Жыл өткен сайын тиісті деңгейде балаларын тәрбиелеп, бағып-қағуға шамасы жетпейтін отбасылардың саны артып келеді. Сондықтан қазақ отбасы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Өмір сапасының төмендеуі, ертеңгі күнге сенімсіздік, балалардың дамуына қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге әлсіздігі, олардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыра алмау, осының барлығы отбасындағы берекесіздікті тереңдетіп, балаларға ауыр әсер етеді. Отбасындағы берекесіздік үнемі спирттік ішімдіктер ішетін, уыты және есірткі заттарды қолданатын қараусыз балалар санының өсуіне ықпал жасайды. Бүгінгі таңдағы ең өткір мәселе жас ұрпақты отансүйгіштікке, отанын қорғауға даяр болуға, қаһармандыққа тәрбиелеу. Әрине, жастарға патриоттық тәрбие беру бір күннің, тіпті бір жылдың шаруасы емес. Бұл ұзақ жылдарға арналған тәрбиелік шаралардың бір тарауы деп түсінген орынды.

Біз болашақ ұрпақ алдындағы жоғары жауапкершілікті сезінуіміз керек, ал болашақ ұрпақ – ол бүгінгі кәмелетке толмағандар. Жас, бойында күш-қуаты мол адам ғана қоғамға үлкен пайдасын келтіреді. Ауру, нашақор, маскүнем жандар ешкімге де керек емесі аян. Сондықтан да өлшеулі аз ғұмырды өзіңе де, өзгеге де пайдаң тиетіндей етіп өмір сүру қажет. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз. Сондықтан да жастарға айтарым ата-бабамыздың бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтеріңдер.

Зульфия БОЛАТҚЫЗЫ,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521