Отандық өнімге кең өріс керек

«Ақ жол» демократиялық партиясының республикалық штабы мүшелері Алматы қаласының еңбек ұжымдарымен кездесуін жалғастырып жатыр. Сайлауалды үгіт-насихат аясында Азат Перуашев пен Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясы атынан Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткер алматылық кандидаттармен бірге «Маслодел» зауытының және Микроқаржы ұйымдары қауымдастығының ұжымдарымен кездесті.

«Ақ жол» партиясы «Маслодел» компания­сына техникалық реттеу саласындағы заңды мүдделерін қорғауға көмектескенін атап өткен жөн. Өңдеушілер мемлекеттік органдар ауыл шаруашылығы шикізаты мен ингредиенттердің отандық өндірісін құруға көмектесуі керек деп есептейді. Олардың басым бөлігі басқа елдерден импортталғанмен, тұрақты және болжамды субсидиялау саясаты жағдайында Қазақстанда да өсіруге мүмкіндік бар. Өндірушілер сауда желілерінің жұмысында отандық тауарларға артықшылық беруді талап етеді. Бүгінде ірі сауда орталықтарымен бәсекеге түсе алмайтын, бірақ халыққа қолжетімді әрі ыңғайлы болып тұрған «үй жанындағы дүкендердің» жұмысын үйлестіру де өз алдына бөлек мәселе.

Штаб мүшелері «Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасын таныстырды. Әділ бәсекелестік, шағын бизнестің салық есептілігін патентке ауыс­тыру, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның басқа да тармақтары жиналған қауымның үлкен қызығушылығын тудырды.

– Біз заң шығару жұмысымызда, депутаттық сауалдарда көтеретін ұсыныстарымызда әрдайым нарықтық экономика ұстанымдарын толыққанды жүзеге асыруды талап етеміз. Өкінішке қарай, елде нарықтық емес экономика қалыптасқа­нын көріп отырмыз. Бізде олигополияға тиім­ді болғанымен, бар ауыртпалығы шағын орта бизнес пен халықтың мойнына жүктелетін мемлекет­тік-монополиялық капитализм қалыптасқан. Мемлекеттің экономикаға араласуы әділ әрі адал бәсекелестікті жойды. Бұл жағдайда бюджеттен қаржыландырылса да, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардан бюджетке кіріс түспейді, – деді Азат Перуашев.

Партия жетекшісі микроқаржы ұйымдарына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға рұқсат беру туралы ұсынысты жан-жақты талқылауды ұсынды.

"Егемен Қазақстан"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521