Атырау облысының аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
«30 қаңтар - 1 ақпан аралығында Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Оңтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады. 30 қаңтарда күндіз, 31 қаңтар, 1 ақпанда тәулік бойы кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 30-31 қаңтарда Атырау қаласында тұман күтіледі», делінген ауа райы болжамында.
Еске сала кетсек, синоптиктер Қазақстанда 30 қаңтардан 1 ақпанға дейін 35 градусқа дейін қатты аяз болатын ескертті.
Дереккөз:inform.kz