Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек?

Мемлекеттік қызметші болу оңай емес.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу, мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормаларын сақтау бағытында дөңгелек үстел өткізілді. Оған сот төрағасы Б.Кадыргалиев, судья С.Амантаев, кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова, басқа да сот мамандары қатысты.

«Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу, мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормаларын сақтау" тақырыбында өткен шараның басты мақсаты - сот қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет атқарумен байланысты заңнамада көзделген шектеу мен тыйымдарды түсіндіру, мемлекеттік қызметшілердің әдебі, мінез-құлық талаптарын сақтауды көздеді.

Сот төрағасы Мемлекет басшысы тапсырған өзекті мәселелердің бірі - бүгінгі қоғам үшін аса маңыздысы - сыбайлас жемқорлықты алдын алу, мемлекеттік қызметшінің әдебі, мінез-құлық нормаларын сақтау қағидаттарын қатаң ұстану қажеттігін қаперледі. Кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова өз баяндамасында сот мамандарына ішкі тәртіпті, адалдық, әдептілік, парасаттылық, сатылмаушылық қағидаттарына, өзара іс-қимыл атмосферасын құрудың алдын алу шараларын күшейтуге, мамандар арасында өзін-өзі ұстау қағидатын, мемлекеттік қызметші басқа азаматтарға қашанда үлгілі болуы тиіс деген ойын білдірді.

Дөңгелек үстелде сот бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы А.Досмағамбетова сот отырысының барысын қамтамасыз ететін аудиобейнежазба құралдарын техникалық қолдану, оларды сақтау, жою, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларына ерекше тоқталды. Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудиобейнежазба құралдарын техникалық қолдану, соттағы бейнежазбасын сақтау, жою, оған қол жеткізу тәртібін кеңінен сөз етті.

Дөңгелек үстелді сот төрағасы Б.Мамышұлы қорытындылап, мамандарды Әдеп кодексін сақтауға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге шақырды.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT