Атырау облыстық аурухана бас дәрігерінің еңбекақысы 350 000 теңге.
Бұл жөнінде мекеме басшысы Ербол Иманғалиев «Ауруханадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары» жөнінде «Атырау адалдық алаңында» өткен тікелей эфирде мәлімдеді.
«Антикор лайф» жобасында халықпен кездескен облыстық аурухана бас дәрігері аурухананың бүгінгі ахуалдары жөнінде баяндап, сыбайлас жемқорлыққа барған әрбір дәрігер үшін өз қызметімен жауап беретіндігін айтты. Яғни, егер қарамағындағы қызметкердің айыбы заң жүзінде дәлелденсе, өз орнын босатуға әзір.
Қазіргі таңда аурухана 335 бюджеттік 25 төсектік күндізгі стационар,18 төсектік төсектік амбулаториялық хирургиялық орталығы бар. 2020 жылы аурухана қызметкерлеріне сәйкес 70 арыз-шағым түскен, оның 58 негізсіз, 12 –сі бойынша шара қолданылған.
Арыз-шағымның басым бөлігі қызметкерлер этикасы және сапасыз қызмет көрсету бойынша. Сыбайлас жемқорлық фактілер тіркелмеген.