БЖЗҚ үшін тек зейнетақы активтерінен комиссия құрылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттың банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«2 қаңтарда қабылданған Заңға сәйкес салымшылар өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқаруға аудара алатын БЖЗҚ, Қазақстан Ұлттық банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар арасындағы комиссиялық сыйақы, сондай-ақ оның шекті мөлшерінің деңгейі төмендеді. Қабылданған түзетулерге сәйкес, БЖЗҚ үшін тек зейнетақы активтерінен комиссия құрылады. Сонымен бірге көрсетілген комиссиялық сыйақының шекті мөлшері 60%-ға – зейнетақы активтерінен айына 0,025% -дан 0,01% -ға дейін төмендетілді», - делінген хабарламада.
Қазақстан Ұлттық банкі мен инвестициялық портфельді басқарушылар үшін шекті мәндерді белгілей отырып, инвестициялық кірістер бойынша комиссия қарастырылған. Инвестициялық кіріс бойынша нақты алынған комиссия мөлшері қайта қаралып, жыл сайын белгіленіп отырады.
Сонымен бірге, Қазақстан Ұлттық банкінің ұсынысымен оның комиссиялық сыйақының шекті мөлшері инвестициялық кірістің 73% – 7,5%-дан 2,0% дейін төмендетілді.
Банк мәліметінше, егер бұрын БЖЗҚ инвестициялық кірістен комиссия алған болса, онда жаңа талаптарға сәйкес сыйақы тікелей инвестициялық портфельді басқарушыға түседі. Бұл салымшыға инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысы бақылауға мүмкіндік беріп, өзіне тиімді шарттарды таңдауға жағдай жасайды.
Сурет:дереккөз