Облыста тоғыз айда 38 жүргізуші сотталды

Атырау облысында 9 айда 38 жүргізуші сотталды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) 38 адамның ісі сотта қаралған.

«Атырау облысының соттарымен биылғы 9 айда 30 адам бас бостандығынан айырылып, 8 адам бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес 675 адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралған. Оның ішінде 672 адамға әкімшілік жаза қолданылып, 3 адамға қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған. Ал, 630 адам қамаққа алынды. Оның ішінде қосымша жаза ретінде 518 жүргізуші арнайы құқығынан айырылды. Ал, 39-ы арнайы құқығынан айырылған, 3 адамға айыппұл салынды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT