Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңір тұрғындарын қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы тұрғындар көтерген мәселелер заң аясында шешімін табатынын жеткізді.
Сонымен қатар жауапты органдардың басшыларына нақты тапсырма берді.
Бүгінге дейін облыс әкімінің қатысуымен 20-ға жуық азаматтарды қабылдау өтті. Онда 140-тан азамат жеке сұрақтарын қойды.
Айта кетейік, аймақ басшысы айына 2-3 рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.