Қоқыс жинайтындар құлың емес

Кеңестік кезеңде көшелердегі ілініп тұрған: «тазалықшы еңбегін құрметтеңдер» деген ескертпенің орысша нұсқасын оқығанда, көше сыпырып, қоқыс жинап жүрген адамдарға біртүрлі жанашырлықпен қарап, тіпті көмектескің келіп тұратын.

Қазір көшедегі қаптаған жарнаманың арасынан тазалыққа байланысты ондай сөз таба алмайсың.

Жалпы ауылды, көшені таза ұстау тап сол бір ауыз сөзге қарап та тұрмаған болар. Әйтсе де, қолындағы бір қап күл қоқысты көзді ала беріп, бір қалтарысқа төге салуға оқталған адам әлгі ескертпе сөзді көріп қалып, «осыным дұрыс емес енді» деп іркіліп қалар ма екен деген дүдәмал ой ғой біздікі. Өйткені, кәмелетке толмағандардың қорғалатынын, жеңіл жаза қолданылатынын білетін кейбір ата-аналар тұрмыстық қалдықтарды төгуге оқушы балаларын жұмсап, өздері шарбақтан сығалап, қарап тұрады. «Балам, ұят болмасын, қоқысты арнайы белгіленген орынға жеткізіп төк» деп құлағына құйып жіберетін ата-ана қайда?

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521