ҚазКСР Прокуроры, прокуратура органдарының құрметті қызметкері Өтеген Сейтұлы Сейтовтың туғанына 100 жыл толуына орай Атырау облысының прокуратурасында прокуратура органдарының ардагерлерін, жас мамандарды және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттерін шақырумен дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ Ө.Сейтовтің жетістіктері жас ұрпақ үшін зор мұра, ынталандыру екенін атап өтті.
Өз кезегінде ардагерлер А.Құмғанбаева мен Р.Әйтенова Ө.Сейтов туралы естеліктерімен бөлісті.
Университет ректоры С.Идрисов Ө.Сейтовтың өмір жолы жастар үшін үлкен үлгі екенін атап өтті.
Кездесу соңында шақырылғандар облыс прокуратурасының мұражайына барып прокуратураның тарихымен танысты.